Осы редакция 2019 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016.16.06. № 164 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына 8-қосымша
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.16.06. берілген өзгерістермен)
1.»Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттіккөрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандардың және қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - бөлім); 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Тиесілі субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына аудару үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі -қазынашылық) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» (бұдан әрі Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|