|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2024.09.09. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 28-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын: «2-3) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға;»; 2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын: «2-3) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға;». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 119-2-баптың 2-тармағында: бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде жаңа өнім үшін шикізатты, материалдарды, заттарды, құрамдастарды өңдеуге байланысты өңдеу өнеркәсібі салаларына жататын жобаларды іске асыру кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген барлық объектілер (құрылыстар, құрылысжайлар) пайдалануға берілген кезден бастап үш жыл өткен соң сатып алуға құқылы. Тиісті объектілерде (құрылыстарда, құрылысжайларда) өнім өндіруді жүзеге асыру осы тармақшаға сәйкес жер учаскесін сатып алудың міндетті шарты болып табылады. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 84-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иеліктен шығару жолымен мемлекеттік меншікке өткен жер учаскелеріне қатысты қолданылмайды;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте республикалық немесе өңірлік маңызы бар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жер учаскесін қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезде белгіленген кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша сатып алуға құқылы.». 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 3-тармақтың 1) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 1) 3-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы» деген сөздер «құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін бағытталған, бюджет қаражаты есебінен тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипатты бар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-баптың 10) тармақшасы «қорына» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі «төлемдерін,» деген сөзден кейін «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстарын,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 41-баптың 4-1-тармағы бірінші бөлігінің 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) ұлттық экономиканың орнықты экономикалық дамуы саласында зерттеулер, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу бойынша;»; 5) 45-бап мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын: «9-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемдері: 1) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескерілген ағымдағы шығындардың көлемдері; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған ағымдағы шығындардың болжамды көлемі; 3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес қалыптастырылатын көрсеткіштер мен коэффициенттер жөніндегі ақпарат; 4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары шығындарының болжамы жөніндегі ақпарат ескеріле отырып айқындалады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары жөніндегі қорытындының жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады. Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарына берілетін ақпараттың негізділігі, анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдарының басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жауапты болады. Тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде қабылданған көрсеткіштерге, жергілікті бюджеттің базасына енгізілген нысаналы трансферттерге және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда белгіленген қаржыландырудың ең аз көлемдеріне бюджеттік мониторингті қамтамасыз етеді. Тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік мониторингтің нәтижелерін жылдың қорытындылары бойынша жібереді. Бюджеттік мониторингті жүргізу және тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады.»; 3-тармақтың 6) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 6) 46-бапта: 5-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Төмен тұрған жергілікті бюджеттен бюджеттік инвестицияларды қоса қаржыландыру шарты білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберіндегі бюджеттік инвестициялық жобаларға қолданылмайды.»; 7-тармақта: бірінші бөліктегі «Жоғары» деген сөз «Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны қоспағанда, жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын ұлғайтуға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада көзделген жағдайларда және тәртіппен қаржыландырылады.»; 7) 49-бапта: 1-тармақтың 7), 22), 30), 31), 33), 34), 35), 36) және 37-1) тармақшалары алып тасталсын; 2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар; 5) мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.»; 8) 50-бапта: 1-тармақ 8) тармақшасындағы «төлемақы облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.» деген сөздер «төлемақы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; 8-2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын: «4-2) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша объектілер операторларынан алынған қаражат; 4-3) мұнай секторы ұйымдарынан және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттардың басқа да қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар;»; 9) 51-бапта: 1-тармақта: 8) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға акциздер;»; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен және 24) тармақшадағы «алым республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.» деген сөздер «алым;» деген сөзбен ауыстырылып, 25) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;»; «25) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын: «4-3) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат; 4-4) мұнай секторы ұйымдарынан және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттардың басқа да қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар;»; 10) 52-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға акциздер;»; 11) 8-тарау мынадай мазмұндағы 52-3-баппен толықтырылсын: «52-3-бап. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдер Мыналар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті өткізуден мемлекеттік меншікке түскен ақша; 3-тармақтың 11) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтар - 2024 ж. 1 қаңтар аралығында қолданылды 4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген ақша; 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып табылса, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне, оның ішінде мүлікті өткізуден түсетін ақша.»; 12) 55-бапта: 1-тармақта: 3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;»; 6) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, оның ішінде сумен жабдықтаудың, тазарту, сорғыту жүйелерінің, кәріздік, оның ішінде кәріздік сорғы станцияларының, жылу мен электр желілерінің тарату желілерін құру және реконструкциялау;»; 7) тармақша мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын: «шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;»; 10) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қалалардың көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оның ішінде автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу;»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын: «10) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтерді іске асыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру; 11) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; 12) тұрғын үй көмегі; 13) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; 14) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру; 15) мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру; 16) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 17) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; 18) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек; 19) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру; 20) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету; 21) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтау мен жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту; 22) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу; 23) тұрғын үй қорын түгендеу; 24) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру.»; 13) 58-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және мәселелерді қарау;»; 14) 62-бапта: тақырыптағы «және мемлекеттік органның меморандумы» деген сөздер алып тасталсын; 6-тармақ алып тасталсын; 15) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Білім беру, дене шынықтыру және спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт, мәдениет, әуежай қызметі салаларында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға жатады.»; 16) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 4) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Түсіндірме жазбаға Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бөлінісінде бюджеттік инвестициялардың, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі;»; 17) 79-баптың 2-тармағы екінші және үшінші бөліктерінің 1-2) тармақшалары алып тасталсын; 3-тармақтың 18) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 18) 82-баптың 8-тармағы «атқару рәсімдерін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ бюджетті атқару саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімдерін» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 19) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 19) 83-баптағы «қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген сөздер «қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 88-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын: 3-тармақтың 20) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді «12-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмсауға (Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты); 12-2) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмсауға (білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты);»; 3-тармақтың 20) тармақшасының бесінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады «13-1) бюджеттік ақшаны есепке жатқызуға және оларды білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыруға пайдалануына (білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шоты);»; 3-тармақтың 20) тармақшасының алтыншы абзацы 2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 2-тармақтың бірінші бөлігі «өтемақы қорының,» деген сөздерден кейін «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының,» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 21) тармақшасы 2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 21) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «өтемақы қоры» деген сөздерден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 22) тармақшасы 2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 22) 92-бапта: тақырып «өтемақы қоры» деген сөздерден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» деген сөздермен толықтырылсын; 1 және 2-тармақтар «өтемақы қоры» деген сөздерден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 23) тармақшасы 2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 23) 94-бапта: тақырыптағы «бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотын» деген сөздер «бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші бөлік «бюджеттен» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік: «бюджетке» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен толықтырылсын; «бюджеттен» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік: «бюджетке» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен толықтырылсын; «бюджеттен» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ «Бюджетке» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың бірінші бөлігінде: «түсетін түсімдерді алуға,» деген сөздер «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын; «түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен» деген сөздер «түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ «бюджеттен» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан» деген сөздермен толықтырылсын; 24) 97-бапта: 3-тармақтың 24) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның жергілікті бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің қаражатты аударуы дирекция ұсынған қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалған шарттар бойынша қаражатты аударуға арналған өтінімдер негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 5-3, 5-4, 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын: «5-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының төлемдерін жүргізу кезінде, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотын ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды: 1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды беру туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын; 2) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығына қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеруді білдіреді. 3-тармақтың 24) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 5-4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын: 1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: электрондық шот-фактураның және орындалған жұмыстардың құны туралы анықтаманың бар-жоғын; 2) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығына қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеруді білдіреді.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |