Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы (2023.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев 2015 жыл 18 наурыз
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|