Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы (2010.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. «Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 35, 328-құжат): тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттік өкiлдер енгiзiлетiн акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «1. «ҚазМұнайГаз» ҰK» ЖАҚ»; реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын. 2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттік республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын. 3. «Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 94-құжат): қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлік қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ». 4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын. 5. «Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 24-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдар тiзбесiнде: «Астана қаласы» бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы». 6. ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. ҚР Үкіметінің 2010.25.12. № 1412 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат): 1-тармақ «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясы» деген сөздердiң алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»,». Yкіметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» акционерлік қоғамының байқаушы кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 тамыздағы № 819 қаулысы. 2. «Ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 84-құжат). 3. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ-ның жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1223 қаулысы. 4. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 1359 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландырудың жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 маусымдағы № 981 қаулысы. 6. «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған Индикативтiк жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1252 қаулысы. 7. «Қазтеңiзкөлiкфлоты» ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 мамырдағы № 714 қаулысы. 8. «Мұнай және Газ көлiгi» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 ақпандағы № 221 қаулысы.
|