Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы (2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2018 жылғы 2 шілдедегі № 168-VI ҚР Заңын қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен Заңның мәтіні жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы 4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары 5-бап. Аудит және оның түрлерi 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау 11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру 13-бап. «Аудитор» бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау 15-бап. «Аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою 16-бап. Аудиторлық қызметтi лицензиялау 17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт 18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды 18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері 19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi 20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi 21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру 23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi 25-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары 26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi 27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi 30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оны кері қайтарып алу», «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу», «кері қайтарып алуды», «оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу», «Лицензия кері қайтарып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру», «Лицензиядан айырылған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым; 2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға; 5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда 8) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі; 10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды 10-3) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит - бюджет қаражатын пайдалану мәселесі жөніндегі аудит; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 10-4) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті - жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті; 11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылды 11-1) салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды - аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша анық емес және (немесе) толық емес мәліметтері бар, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыруға әкеп соғатын пікірі бар қорытынды; 11-2) салықтар бойынша аудит - уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің барлық түрлері бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит; 11-3) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды - салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды; 12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары; 14) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады: 1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер; 2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау; 3) ішкі аудит; 4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру; 6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру; 7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру; 8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту; 9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету; 10) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу; 11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету; 12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметiнiң бейiнi бойынша жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.
4-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері және аудиттің стандарттары 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар: тәуелсіздік; объективтілік; кәсіби құзыреттілік; құпиялылық; адалдық; ұйымдардың стандарттарын сақтау; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрі - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады. Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Салықтар бойынша аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Аудит және оның түрлерi 1. Аудиттің түрлері мыналар: 1) міндетті; 2) бастамашылық. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Міндетті аудитке: акционерлік қоғамдар; қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік кәсіпорындар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері; бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар; банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары; астық қабылдау кәсіпорындары; сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры; әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры; инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; мақта өңдеу ұйымдары; «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен уәкілетті компаниялар; «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары; «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар; мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде: 1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған; 2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады. Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі. Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті. Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ Ұлттық Банк лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды. 3. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды; 2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 3) тармақшамен толықтырылды 3) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкілетті органның құзыретi Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган: 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды Ұлттық Банкпен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды; 7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді; 8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді; 9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді; 10) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен мазмұн 14-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 15) тармақшамен толықтырылды 15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 16) тармақшамен толықтырылды 16) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 17) тармақшамен толықтырылды 17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 18) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды; 19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады. 2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады. 3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. 4, 5-тармақтардың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы3-бап. Аудиторлық қызмет4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары5-бап. Аудит және оның түрлерi6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау8-бап. Аудитор9-бап. Аудиторлық ұйым10-бап. Кәсiби ұйымдар11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру13-бап. «Аудитор» бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау14-бап. Бiлiктiлiк комиссиясы15-бап. «Аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою16-бап. Аудиторлық қызметтi лицензиялау17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт18-бап. Аудиторлық есеп18-1-бап. Алып тасталды18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi24-бап. Аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит жүргізу құқығын шектеу25-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi28-бап. Дауларды қарау29-бап. Өтпелi ережелер30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi |