2022-2024 жылдарға арналған Круглоозерный кентінің бюджеті туралы
Осы редакция 2022 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған Орал қаласының Круглоозерный кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 163 182 мың теңге: салықтық түсімдер – 7 251 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 670 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; трансферттер түсімі – 155 261 мың теңге; 2) шығындар – 163 182 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге: бюджеттік кредиттер – 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге: қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге. 2. 2022 жылға арналған Круглоозерный кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 11-2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26196 тіркелген) шешіміне сәйкес қалыптастырылады. 3. 2022 жылға арналған Круглоозерный кентінің бюджетінде қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 135 350 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін. 4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын мен қызметтерді тауарлармен өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі белгіленген тәртіпте пайдаланылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|