|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
15.03.2022 В КГД предупредили об ответственности за нарушение запрета на вывоз валюты
В связи с введенными ограничениями по вывозу иностранной валюты и золотых слитков в Комитете государственных доходов МФ РК проинформировали лиц, выезжающих с территории Республики Казахстан. Для недопущения задержек при переходе государственной границы рекомендуется заранее рассчитать на день выезда имеющуюся при себе (в багаже) сумму наличных денег. Наличные деньги и денежные инструменты в иностранный валюте не должны превышать в эквиваленте 10 000 (десять тысяч) долларов США по курсу Национального Банка Республики Казахстан. Также нельзя иметь при себе (в багаже) золотые слитки аффинированного золота 5, 10, 20, 50 и 100 грамм и инвестиционные монеты из золота «ALTYN BARYS» и из серебра «KÚMIS BARYS», выпускаемых Национальным Банком Республики Казахстан, а также аффинированное золото свыше 100 грамм. В КГД отметили, что в случае выявления нарушения запрета, лица будут привлечены к административной или уголовной ответственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В случае привлечения к административной ответственности физическим лицам налагается штраф в размере 15 МРП (45, 9 тыс. тенге). Также по решению суда указанные деньги и товары могут быть конфискованы в доход государства. Накануне Указом Президента Республики Казахстан от 14 марта 2022 года № 830 «О мерах по обеспечению финансовой стабильности Республики Казахстан» введен запрет на вывоз из Республики Казахстан иностранной валюты, золотых слитков и монет.
Мемлекеттік кірістер комитетінде валютана алып кетуге шектеуді бұзғандағы жауапкершілік туралы ескертті
Шет елдік валютаны және алтын құймаларын сыртқа алып кетуге қойылған шектеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде еліміздің аумағынан шығатын азаматтарға түсіндірме берді. Мемлекеттік шекарадан өту кезінде кідірістерге жол бермеу үшін өзімен бірге (багажда) бар қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берілді. Қолма-қол ақша мен шетелдік валютадағы ақша құралдары сомасының баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы қажет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталардың, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзімен бірге (багажда) алып кетуге болмайды. МКК-де тыйым салудың бұзылуы анықталған жағдайда, тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша аталған ақша мен тауарлар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін. Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан кететін тұлғаларға шет елдік валютаны және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойылған болатын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |