«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік ұйымдарының және оның ведомстволарының қызметкерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 258 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік ұйымдарының және оның ведомстволарының қызметкерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|