Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 14/165 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/210 «Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3558 болып тіркелген) сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3511 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 21 327 255,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 17 582 411 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 140 137,9 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 227 217 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 1 377 490 мың теңге; 2)шығындар - 21 812 869,8 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 454 024 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 3 179 250 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 725 226 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 939 637,9 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|