Қазақстан Республикасы Президентінің (2014.17.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елдің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету және сыртқы ықтимал қолайсыз әсерлерден қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестің құрамы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдансын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 6-ы.
№ 1116
Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
4. Кеңестің негізгі міндеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын (бұдан әрі - Қор) басқару мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады. 1) Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; 2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|