|
Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы (2025.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2025.06.10. № 750 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 309) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016.29.03. № 313 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына (И.В. Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|