|
Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы (2023.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас прокурорының 2017.11.10. № 115 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.30.05. № 115 бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 76 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Бас прокурорының 2017.11.10. № 115 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.02.07. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Занының 12-бабы 3-тармақ 12)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Бас прокурорының 2017.11.10. № 115 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.30.05. № 115 бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау туралы қоса берілген қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын. 2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|