Қазақстан Республикасының (2015.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2015 жылғы 18 қарашадағы № 411-V ҚР Заңын қараңыз (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» деген сөздер тиісінше «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) арнайы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар; 3) арнаулы атақ - қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) арнаулы (әскери) оқу орындары - арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) арнаулы киім нысаны - қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет - ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi; 7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі - кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі; 8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу - арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі; 9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі - запас) - қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрiстетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер; 10) Жоғары аттестаттау комиссиясы - арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) курсант, тыңдаушы - арнаулы (әскери) оқу орнында, оның ішінде шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкер; 12) қолданыстағы резерв - арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру; 13) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт) - тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) магистранттар және докторанттар - арнаулы (әскери) оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер; 14) отставка - қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шектi жасына жеткендерді арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастау не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастай отырып, қызметтен шығару; 15) полиграфологиялық зерттеу - адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі; 16) психофизиологиялық куәландыру - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) тыңдаушы - арнаулы (әскери) оқу орнында, оның ішінде шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жүрген қызметкер; 17) уәкілетті басшы - осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығару құқығы берілген лауазымды тұлға; 18) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - арнаулы мемлекеттік органдарда штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту және қысқарту бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі 1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар 1. Арнаулы мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар. 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жатады.
4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері Арнаулы мемлекеттік органдарға негізгі міндеттер заңмен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.
5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары 1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары негізінде, сондай-ақ: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау мiндеттiлiгi; 2) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi ұйымдастыруға көзқарастардың бiртұтастығы; 3) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық); 4) қызметтің жария және жария емес әдістері мен құралдарының ұштасуы; 5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу; 6) құпиялық және жасырындылық негізінде жүзеге асырылады.
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi барлық қызметкерлерге қолданылады. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттік саяси қызметшiлерге қолданылады.
2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ
7-бап. Қызметке қабылдау шарттары 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ осы Заңда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Жедел бөлімшелерге қызметке жасы 23-тен кіші емес азаматтар (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын қоспағанда) қабылданады. Бөлімшелерді жедел және оған теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді. 1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған; 2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар; 3) өзiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттердi болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 4) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған; 5) қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 6) қызметке тұрғар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған; 12) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды. Арнаулы мемлекеттік орган кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы. 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын айқындау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 4. Арнаулы мемлекеттік органға қызметке тұрған кезде адам және оның отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен үнемі бірге тұратын адамдар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыстары және мүлкi туралы декларацияны тапсырғандары туралы мәліметтер беруге мiндеттi.
8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау 1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды тексеруді арнаулы мемлекеттік органдардың кадр және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыруды, өткізу тәртібін және әдістемесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 2. Қажетті құжаттардың тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімдерін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 3. Қызметке кандидат білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене бітімі дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға сай болуға тиіс. 4. Кандидатты медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 5. Кәсіби-психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары жүргізеді. Бұл ретте кандидаттың жеке, тұлғалық, кәсіби сипаттамаларының арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі айқындалады. 6. Кандидаттың келісімшарт бойынша қызметке тұру үшін белгіленген талаптарға сай келетін құжаттарын құрылымдық, аумақтық және өзге де бөлімшелер бағалау үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді. Қажет болған жағдайда, кандидат кәсіби жарамдылығын тексеру үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға шақырылуы мүмкін. 7. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылдау, әдетте, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 8. Конкурсқа қатысу үшін келген азаматтың кандидатурасын құрылуы мен жұмыс тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын конкурстық комиссия қарастырады. Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. 9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысы келіп түскен кезде уәкілетті басшы кандидатпен келісімшарт жасасады, қажетті материалдарды ресімдейді және оларды жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді. 10. Тиісті арнаулы мемлекеттік орган конкурс нәтижелері туралы құжаттарды алғаннан кейін іріктеліп алынған кандидаттарға қатысты оларды лауазымға тағайындау туралы жеке құрам бойынша екі ай ішінде бұйрық шығарады. 11. Арнаулы мемлекеттік органдарға офицерлік құрамдағы адамдарды қызметке қабылдау арнаулы мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтарымен ресімделеді. 12. Конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды тұлғалар осы Заңда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады. 13. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған адамдар осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды, олар жазбаша түрде тіркеледі. 14. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің лауазымына тағайындалған немесе кадрына қабылданған әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен әскери есептен алынады және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебіне қойылады, олардың тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
9-бап. Қызмет өткеру туралы келісімшарт 1. Қызмет өткеру туралы келісiмшартты Қазақстан Республикасының азаматы уәкілеттi басшымен жасасады. 2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын: 1) мерзiмінің аяқталуы бойынша; 2) қызметкердің мерзiмiнен бұрын қызметтен шығарылуына байланысты; 3) қызметкер қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшартты жасасқан күннен бастап; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады. 3. Қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың қызметке тұруының ерiктілiгi, азаматтың қызметті өткеруге мiндеттенетін мерзiмi мен келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi. 4. Қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру мiндетiн қамтиды. Келiсiмшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, оның құқықтарының сақталуын көздейтін нормалар қамтылады. 5. Лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған қызметкерлер қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан тиiстi лауазымдағы қызметтi өткередi. Аталған қызметкерлер лауазымынан босатылғаннан кейiн қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады. 6. Келiсiмшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi осы Заңмен және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерімен айқындалады. 7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт үш, бес, он жылға, қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін немесе арнаулы (әскери) оқу орнындағы білім алу мерзіміне және оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке жасалуы мүмкін.
10-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге: 1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша: әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының; оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің; оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің; 2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының; 3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан, жоғары білімі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің құқығы бар. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау тәртібін, егер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасында өзгеше айқындалмаса, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде белгілейді. 3. Курсанттың, тыңдаушының арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған күні оның қызметтік міндеттерін атқаруды бастаған күні болып есептеледі. 4. Әскери қызметті өткермеген азаматтар арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылданған кезде қызметкерлердің мәртебесiне ие болады және олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ арнаулы (әскери) оқу орнында кемiнде бiрiншi курсты аяқтаған соң қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады. 5. Қызметкерлер арнаулы (оқу) орындарына қабылданған кезде қызмет өткеру туралы жаңа келiсімшарт жасасады. 6. Әскери қызмет өткерген, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген немесе өткерген азаматтар арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылданған кезде қабылданғаны туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады. 7. Арнаулы мемлекеттік органдардың арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түскен азаматтар білім беру ұйымдарында білім алудың мерзіміне және сонымен бір мезгілде арнаулы (әскери) оқу орындарындағы білім алуды аяқтаған соң қызметкерлердің лауазымдарында күнтізбелік есептеумен он жылға арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады. 8. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсуші азаматтың және арнаулы органның лауазымды адамының) өзара міндеттері мен жауаптылығы белгіленеді және арнаулы (әскери) оқу орнын бітірген соң арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті одан әрі өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді. 9. Осы Заңда белгiленген тәртiппен қызмет өткеру туралы келiсiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер арнаулы (әскери) оқу орындарынан шығарылуға жатады. 10. Қызметкерлердің әскери және арнаулы оқу орындарында білім алу уақыты мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне теңестіріледі. Арнаулы (әскери) оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер, егер олар шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзiмін өткермесе, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке қою үшiн жiберіледi және кейiн жалпы негіздерде әскери қызметке шақырылады. Бұл ретте, үлгермеуi үшін немесе теріс себептер бойынша арнаулы (әскери) оқу орындарынан шығарылған қызметкерлер өздерінің білім алуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. Білім алуға жұмсалған шығындар сомасы қызмет өткеру туралы келісімшартта айқындалады. 11. Қызметкер арнаулы (әскери) оқу орнын бiтіргеннен кейiн қызмет өткеруден бас тартқан және осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4)-7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.
11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар Қызметкерлердің лаузымдарына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін арнаулы мемлекеттік орган лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына қарай тиісті орта білімнен кейінгі білімі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады. |