Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы (2018.15.05. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлкеттік тіркеудін өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрлігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген
Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2018.15.05. № 752 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сот сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сот сарапшылары, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|