«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш (бұдан әрі-өтініш) беру арқылы жүзеге асырылады, оны құрылтайшы (құрылтайшылар) порталда толтырады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Электрондық тіркеу жағдайында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі-ЗТ МДҚ) түсетін өтініш негізінде жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын: «9-1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік қызметтер Заңына сәйкес көрсетілген қызметті алушының жеке басын биометрикалық сәйкестендіру де жүргізілуі мүмкін.». 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|