Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2021 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары (2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды. 2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу тетігі (бұдан әрі - Тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады. 3. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 2020.20.04. № 225 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Кепілдік беру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылады. ҚР Үкіметінің 2020.20.04. № 225 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.07. № 491 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.01.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Бағдарлама мен Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін көзделген қаражатты: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|