Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы (2015.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013.26.04. № 117 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының айналысын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013.26.04. № 117 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығы бекітілсін және жоғарыда аталған Нұсқаулық қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айлық мерзім өткен соң қолданысқа енгізілетін 35-тармақты қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апталық мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін. ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013.26.04. № 117 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін. ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2013.26.04. № 117 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|