Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 8) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, кері қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібін айқылдайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі - АКҚҚ) -криптографиялық қайта құрудың алгоритмдерін, кілттерді құрастыруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды жүзеге асыратын құрал; 2) кері қайтарып алынған тіркеу куәлігі - қолданысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тоқтатылған, МО КО берген тіркеу куәлігі; 3) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі - ҚТКТ) - әрекеті тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, қайтарылған күні және себебі туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|