|
|
|
Қарасай, Талғар, Іле аудандарында 2021 жылғы 2-16 тамыз аралығында карантиндік шараларды күшейту туралы және Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 17 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағына және 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 102 және 104-баптарына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулыларымен Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Қарасай, Талғар, Іле аудандарының әкімдеріне, Алматы облысының полиция департаментіне, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына және Алматы облысының кәсіпкерлер палатасына: 1) 2021 жылғы 2-16 тамыз аралығындағы кезеңде келесі ұйымдарды қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатыспайтын, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрсын: - мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысы; - өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындардың (объектілердің) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді ұйымдастырумен жұмыс істеуі; - медициналық ұйымдардың (орталықтардың), оның ішінде меншік нысанына қарамастан стоматологиялық ұйымдардың аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуі; - ветеринарлық қызмет, оның ішінде жедел жәрдемнің ветеринарлық және мал шаруашылығы қызметтері; - зертханалардың барлық түрлері; - сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының ішінде, көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан супермаркеттердің, азық-түлік дүкендерінің; - дәріханалардың, оның ішінде ветеринариялық; - коммуналдық қызметтер мен инфрақұрылымдардың (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехниктер, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету бойынша), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялау қызметтері, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар); - телекоммуникация және байланыс қызметтері (карантин кезеңінде жабық барлық объектілерге, оның ішінде байланыс операторларының базалық станциялары және (немесе) жабдықтары орналасқан сауда объектілеріне қол жеткізе отырып, инженерлік қызмет жұмыскерлері (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация және техникалық қолдау желілерін басқару орталығын монтаждау және салу) үшін); - бұқаралық ақпарат құралдары; - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін; - байланыссыз қызмет көрсету (авто жуу, техникалық қызмет көрсету станциялары, шиномонтаж, автосалондар, автожанармай құю және автогаз құю станциялары, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, компьютерлерді, аяқ киімді, киімді, тігін ательесін, химиялық тазалау, кір жуу орындары, типографиялық қызмет көрсететін объектілер), гүл дүкендері, оптика дүкендері, зоомагазиндер мен фотосалондар әдеттегі жұмыс кестесімен және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып; - сауда объектілерінің алаңы 500 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі қызметтеріне, бұл ретте сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады; - күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автобөлшектерді, құрылыс материалдарын сататын сауда нысандарының жұмысы; - сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар; - салттық қызмет көрсету объектілерінің, зираттардың; - жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету бойынша қызметтер; - туристік компаниялардың кеңселері, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.); - «Ashyq» жобасына қатысатын халыққа қызмет көрсету орталықтарын, екінші деңгейдегі банктерді жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін; - кредиттік серіктестіктердің, шағын қаржы ұйымдарының, ломбардтардың, айырбастау пункттерінің жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін; - күзет ұйымдарының; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары. 2) «Ashyq» жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін тек алып шығуға және жеткізуге жол беріледі; 3) Көрермендермен және көрермендерсіз спорттық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде отбасылық, естелік (еске алу) іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; 4) COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар (ұйымдар), кеңселер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-н қашықтықтан жұмыс нысанын қамтамасыз ету; 5) Жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысушылардың қызметін сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының «көшбасшылары» үшін сағат 22.00-ге дейін шектеу: - ОСО, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысшылары; - қоғамдық тамақтану объектілерінің (оның ішінде жазғы алаңдардың), фудкорттардың; - фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің қызметкерлері; - косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың өкілдері; - караоке, бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың жұмысы; - кинотеатрлар. 2. Алматы облысының Қарасай, Талғар, Іле аудандарының әкімдері қамтамасыз етсін: 1) қоғамдық бірлестіктер мен волонтерлерді тарта отырып, мониторингтік топтардың санын ұлғайту; 2) қызметі тоқтатыла тұрған объектілерді бақылау; 3) «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін көзделген талаптардың сақталуын бақылау; 4) «Ashyq» (0-20 чекин) режимін бұзған бизнес субъектілері ескертусіз 1 ай мерзімге алынып тасталсын. 3. Алматы облысының полиция департаментіне: 1) адамдар көп жиналатын орындарда (саябақтар, скверлер, қоғамдық тамақтану объектілері, бассейн және т.б.) патрульдер санын көбейту; 2) жабық үй-жайларда бетперде режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. 4. Алматы облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы Алматы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын; 2) 1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының (әрі қарай - ҚР № 33 БМСДҚ) 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын, осы тармақтың 2-тармақшасына енгізілмеген әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне шектеулер мен рұқсаттарды іске асыру;» 3) 1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, букмекер кеңселерінің қызметіне тыйым салу;» 5. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 16 қаулысына қосымшаның 9 және 27-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 7. Осы қаулы 2021 жылғы 2 тамыз сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |