Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы (2020.13.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|