«Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) аванс беру - шетелде қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған болашақ шығыстар (шығындар) үшін ақшалай қаражат беру; 2) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы; 3) алты сигма (Six Sigma) - ұқыпты өндіріс элементі, процестердің әрқайсысының шығу сапасын жақсарту, операциялық қызметтегі ақаулар мен статистикалық ауытқуларды барынша азайту қажеттілігін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі - Six Sigma); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|