Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы (2016.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары; 2) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 30 қантардағы № 77 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Ескертпелер: 1. Интернаттық үлгідегі санаторийлік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері (туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балалар үшін) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын есептегенде балалар тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді. 2. Тәрбиеленушілерді дамытудың басым бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында мынадай: әдіскер, бір бірліктен артық емес; 4 жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі бойынша балаларды бейінді оқыту жөніндегі оқытушылар лауазымының штат бірліктері белгіленеді. 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы музыка жетекшілері лауазымының штат бірліктері 2 жастағы және одан ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді. 4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі оқытушысының штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді. 5. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа лауазымның бір штат бірлігі сурдопедагог лауазымы қосымша белгіленеді. 6. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында логопед және дефектолог мұғалім лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді. 7. Әр түрлі тілде оқыту және тәрбиелеу қатар жүргізілетін эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әдіскерлердің лауазымының штат бірліктері топтардың санына қарай, әрбір топқа лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен еңбекақы төлеу қоры шегінде тілдік оқыту және тәрбие берудің әрбір түрі үшін жеке белгіленеді. 8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дене тәрбиесі залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшін лауазымның 0,25 бірлігі есебінде дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді. 9. Қыли көзді және амблиопиясы бар балаларға арналған арнаулы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тифлопедагог мұғалімі және әрбір 3 топқа лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді. 10. Балалардың дене мен психикалық денсаулығын сақтау әрі нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын және физиотерапия кабинеттері бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дәрігер лауазымының 1 штат бірлігі көзделеді. 11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында компьютерлік және ұйымдастыру техникасы болған кезде осы техникаға қызмет көрсету жөніндегі маманның лауазымдық штат бірлігі қосымша белгіленеді. 12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-аналар мен балалардың қазіргі заманға сай талаптары ескеріле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнері жөніндегі оқытушылар лауазымдарының және басқа да лауазымдардың лауазымдық штат бірліктері қосымша көзделуі мүмкін.
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
Ескертпелер: 1. Бір топтың тәрбиешілері мен тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің топтағы бір мезгілдегі жұмысы ескеріле отырып, топтың жұмыс режиміне және аптасына белгіленген сағат нормасына қарай белгіленеді. 2. Түнгі кезектегі тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері екі топқа бір штат бірлігі есебінен белгіленеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін бір немесе тақ санды, сондай-ақ топтарға оқшауланған есігі бар ұйымдарда екі топқа бірдей есептелген тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері жеке топқа да қолданылуы мүмкін.
Ескертпе: Бастауыш мектептерде директордың лауазымы 8 және одан көп сынып жинақтауыштары әрі оқушылар саны 240-тан кем болмаған жағдайда белгіленеді.
Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар),
Ескертпелер: 1. Тәрбиеленушілердің саны 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірліктен және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндері мен демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, бір топқа бір бірліктен белгіленеді. 2. Жатақхана (интернат) бойынша кезекші немесе тәрбиеші көмекшісі лауазымының штат бірліктері әрбір жатын корпусқа жұмыстың ауысымдық режимі ескеріле отырып белгіленеді. 3. Аспаз бен ас үйдің көмекші жұмысшылары лауазымының штат бірліктері оқушылар санына қарай әрбір 60 балаға бір штат бірлігі есебінен енгізіледі. 4. Әскери мектеп-интернаттарда әскери-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін тир меңгерушісі мен қару қоймасы меңгерушісінің штат бірліктері қосымша енгізіледі.
Ескертпелер: 1. Тәрбиешілердің саны демалыс, мереке күндері және демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірлік және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің бір тобына 1 бірлік есебінен белгіленеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100-ге дейін тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда тәрбиеші лауазымының 1 штат бірлігі қосымша белгіленеді, ал 100-ден астам тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда әрбір 50 тәрбиеленушіге тәрбиеші лауазымының 0,5 штат бірлігі қосымша белгіленеді. 2. Санаторийлік үлгідегі туберкулез мектеп-интернаттарында дәрігерлер мен медбикелердің штат бірліктері осы интернаттарда оқитын әрбір 100 оқушыға бір дәрігер мен екі медбике бірлігі есебінен белгіленеді.
Өнер мектептері, колледждері (училищелері) жанындағы интернаттар
Ескертпелер: Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарда кемінде, 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиеші лауазымының штат бірлігі, бірақ интернатқа кемінде 1,5 бірлік есебінен белгіленеді. Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердің санына қарай белгіленеді. Саны 100-ден астам тәрбиеленуші тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің лауазымы белгіленеді. Интернаттардағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы лауазымының штат бірлігі жалпы білім беретін мектепте көрсетілген лауазым болмаған кезде енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1487 Қаулысымен 3-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Ескертпелер: 1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады. 2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді. 3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді. 4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді. 5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді. 6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді. 7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі. 8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді. 9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі. 10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді. 11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді. 12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор. 13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.
4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Ескертпелер: 1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған түзеу ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді. 2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. 3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы түзеу ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар белгіленеді: осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді. 4. Жүріп-тұру мүшелері мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді. 5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар белгіленеді: тәрбиеші - 2 штат бірлігі; естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ойлау қабілеті нашар балаларға топтар үшін арналған дефектолог мұғалім 1 штат бірлігі. 6. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған мектепке дейінгі балалар топтарында 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің штат лауазымы, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед-мұғалім лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір 2 топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымының штат бірлігі белгіленеді. 7. Арнаулы түзеу ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде 0,5 бірліктен аспаз және көмекші жұмысшы лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді. 8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арнаулы 4-тен 9-ға дейін топтары бар түзеу ұйымдарында көмекші жұмысшы лауазымының 1 штат бірлігі, ал 9 және одан да көп топтар болған кезде 2 штат бірлігі қосымша белгіленеді. 9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында: осы ұйымдарда саны 100-ге дейін тәрбиеленушісі болса 0,5 штат бірлігі және саны 100-ден асатын тәрбиеленуші болса - 1 штат бірлігі ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының штат бірлігі белгіленеді. 10. Арнаулы түзеу ұйымдарында көру қабілеті бұзылған балалардың бедерлі қаріптермен жазылған оқулықтары мен әдеби оқулықтарын пайдаланатын саны 4-5 топты болса, кітапханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді. 11. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымы 3-8 сынып болған кезде 1 штат бірлігі, осындай 9-16 сынып болса - 1,5 штат бірлігі белгіленеді. Сыныптардың санында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейінгі топтар да есепке алынады. 12. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалімі лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді. |