Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы (2016.08.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 166 бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың мынадай нысандары бекітілсін: 1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес; 4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде тексеріс нәтижелері туралы акт, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес; 5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама, осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес. 2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|