Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 88 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2. «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33463 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Екпелер егілетін адамның немесе заңды өкілінің егу жүргізуге хабардар етілген электрондық келісімін алғаннан кейін жүргізіледі, техникалық ақаулар болған жағдайда сканерленген нұсқасы қоса беріледі. Профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген электрондық келісім осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрде ресімделеді. Егілетін адам немесе оның заңды өкілі профилактикалық екпелер алудан бас тартқан жағдайда осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық түрде профилактикалық екпелерден бас тарту ресімделеді. Хабардар етілген электрондық келісім немесе бас тарту медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.»; 42-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|