Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы (2019.25.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған); 2) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|