Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың: 1) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген); 2) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8839 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|