«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында: 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) өтінім – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Электрондық сауда алаңдарынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын: 1) газ желісі ұйымдары; 2) газ толтыру станцияларының иелері; 3) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері; 4) газ толтыру пунктерінің иелері; 5) автогаз құю станцияларының иелері; 6) Заңның 27-1-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген өніркәсіптік тұтынушылар алады.»; 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|