Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып; 2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды; 2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|