|
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бүкіл мәтін бойынша «кеуде белгісін» «кеуде белгісі», «кеуде белгі», «кеуде белгісінен» деген сөздер тиісінше «төсбелгісін», «төсбелгісі», «төсбелгі», «төсбелгіден» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевронын, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісін жасауды және бағынысты мекемелер мен бөлімшелерді олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерінде: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевроны, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының айырым белгісі болып табылады.»; 3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі»; 3-тараудың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі (бұдан әрі - төсбелгі) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының ерекшелік төсбелгісі болып табылады.»; 3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|