«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 213 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық пен қамқоршылық, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, шетелде еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;»; 9) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|