|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 бұйрығына 1- қосымша
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|