ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен 19-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 19-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдары (ЖАО) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді берген сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 30 минут; қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 2 (екі) жұмыс күн ішінде. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|