«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: 4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 20-тармағы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі - 5 жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай: 1) бөбек жасы - 1 жастан 3 жасқа дейін: ерте жастағы топ - 1 жастан 2 жасқа дейін; бірінші кіші топ- 2 жастан 3 жасқа дейін; 2) мектепке дейінгі жас - 3 жастан 6 жасқа дейін: екінші кіші топ - 3 жастан 4 жасқа дейін; ортаңғы топ - 4 жастан 5 жасқа дейін; мектепалды даярлық - 5 жастан 6 жасқа дейін.». 22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «22. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлері үшін оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 1) білімнің мазмұнына; 2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; 3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.»; 51-тармақ алып тасталсын; 55-тармақ алып тасталсын; 60 және 61-тармақтар алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|