|
|
|
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 181 бұйрығына 5-қосымша
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307 тіркелген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тотализатор қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап (бұдан әрі - лицензия немесе бас тарту туралы уәжделген жауап) болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Лицензияны, ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |