Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 9-қосымша
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық); 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы орталыққа және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады): 1) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты: пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|