2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы (2020.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. 2021 жылғы 1 - 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін. ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар: 1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі: 1) есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін; 2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|