|
|
|
26.07.2024 Сот приставының қызметі туралы
Cот приставы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сот приставтары туралы» «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Департамент туралы, Сот кеңсесі туралы ережелерді және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Сот приставы Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға, азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға, атқарушық және еңбек тәртібін сақтауға, өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдуға, сот приставына жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді орындайды. Сот приставы өзінің қызметтік міндеттерін орындамаған немесе немқұрайлы орындаған жағдайда, ішкі еңбек тәртібінің ережесін, қауіпсіздік техникасы мен өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ заңға қарсы өзге де әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікті көтереді.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының приставы А.Қ. Балпықов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |