«Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын 2-тармағын 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»; осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»; осы бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»; осы бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|