«Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 140-НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: Бұйрыққа 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасына жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 140-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төраға; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы, хатшы; аккредиттеу жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша); стандарттау жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша); «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Техникалық реттеу департаментінің басқарушы директоры (келісім бойынша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|