Осы редакция 2015 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына 3-қосымша
Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау (2015.17.03. берілген өзгерістермен)
1. Осы Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау тәртібін белгілейді. ҚР Әділет министрінің 2015.17.03. № 158 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады: 1) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі - тауар таңбасы) - Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдердің күшіне сәйкес тіркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (қызметтерін) айыру үшін қызмет ететін белгілер; 2) ұжымдық тауар таңбасы - бұл қауымдастықтардың (одағының) немесе өзге де заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсіпкерлер бірлестіктерінің (бұдан әрі - бірлестік) бірыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтерді) белгілеу үшін қызмет ететін тауар таңбасы; 3) жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасы - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын, бірақ белсенді пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында кеңінен мәлім болған белгі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|