Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.05.07. № 285 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 278 қаулысымен бекітілген
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.05.07. берілген өзгерістермен)
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру арқылы жүзеге асырылады: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация). 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушіде: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім; 2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру; Мемлекеттік корпорацияда: 1) көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу; 2) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|