|
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың талдамасы, корреспонденттік және ағымдағы шоттар туралы есеп; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп; 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген қарыздар туралы есеп; 5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша активтер мен шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп; 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарыздар, оның ішінде жан-жақты көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп; 7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар құрылымы туралы есеп; 8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «РЕПО», «кері РЕПО» операциялары туралы есеп; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|