Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Д. Мыңбай 2012 жыл 27 қараша
Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және телерадио хабарларының сапасына бақылау тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|