|
|
|
«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтарындағы № БМСД-5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 ақпандағы № БМСД-7 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі № 42, 2022 жылғы 10 ақпанындағы № 8 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралар туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтарындағы № БМСД-5 қаулысына (бұдан әрі - БМСД-5 қаулысы) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1) БМСД-5 қаулысының 2 тармағы келесідей редакцияда жазылсын: «1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін; 2) Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялык-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін». 2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін. 3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы 2022 жылдың 14 ақпаны сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |