Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығына 2-қосымша
Зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы Зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.31.12. № 4-6/1154 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының кейіннен сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi репродукциялы тұқымдары зертханалық сорттық сынақтарға жатады. 3. Зертханалық сорттық сынақтарды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемкомиссия) жүргiзедi.
2. Зертханалық сұрыптық сынақтарды жүргiзу тәртібі
4. Ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң әрбір түрi мен сорты бойынша сатуға арналған тұқымдарды зертханалық сорттық сынау: үш жылда бiр рет - элиталық тұқымдар үшiн; бес жылда бiр рет - бiрiншi көбейтiлген тұқымдар үшiн жүргiзiледi. 5. Тұқымдарға зертханалық сорттық сынақтарды жүргiзу үшiн аттестатталған элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар және (немесе) бiрiншi репродукциялы тұқым өндiрушiлер Мемкомиссияға мынадай құжаттар мен материалдарды (тұқым партиясынан алынған сынамалар): 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті; 2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесiн немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|