«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 449 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 449 қаулысымен бекітілген
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|