Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген
Осы редакция 2020 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Негізгі ережелер
1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды. 2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады. 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) арнайы киім - жұмыскерді сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауға арналған арнайы әзірленген киім және жұмыс істеу үшін қажетті сипаттарды қамтамасыз етеді; 2) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі - объектілер) әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақ үйлер, жатақханалар, моншалар, хауыздар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер; 3) косметикалық қызметтер - коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы мекемелерде және спорттық-сауықтыру мекемелеріндегі көрсетілетін медициналық бақылауды қажет етпейтін косметикалық рәсімдер; 4) косметикалық рәсімдер - косметикалық ахаулықтарды емдеу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар, сондай ақ шаш түсу және тері қартаюының алдын алу. Емдік косметологиялық рәсімдерді дәрігер-дерматолог орындайды, ал кейбіреулерін мейірбикелер орындайды. Мейірбикелер орындайтын косметологиялық рәсімдерді дәрігердің тағайындауымен және оның қадағалауымен және басшылығымен жүзеге Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|