|
«Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларында: 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады: 1) ашық диалогтың интернет-порталы (бұдан әрі - Портал) - мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|