«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2024.12.12. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті беруші)); 2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)); 3) банк - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға; 4) жеке кабинет - пайдаланушының (қарыз алушының, кепілгердің/сақтандыру ұйымының, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің))/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) субсидиялауға арналған электрондық тізілімдегі жеке веб-парақшасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|