Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы (2021.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты 5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi 8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi 9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi 11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi 12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу 3-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ 13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама 14-бап. Мүгедектердiң құқықтары 15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау 16-бап. Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек 19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы 20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту 21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту 25-бап. Мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету 26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету 28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету 29-бап. Мүгедектерге бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету 30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту 31-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары 32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы 4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДI ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ 34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектердi жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi 35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедекке келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi 5-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI 36-бап. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi 6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ 37-бап. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау 40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуме ттiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi; 2) 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi; 4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi; 5) медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттіліктерiн белгiленген тәртiппен анықтау; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) - көмек пен күтімге, медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық науқастар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 7) мүгедек - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) мүгедек бала - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам; 9) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi; 10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау - мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешенi; 11) мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектiң жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары; 12) мүгедектердi кәсiптiк оңалту - мүгедектердiң бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, білімi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi; 13) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 14) мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi - мүгедектердiң өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 14-1) мүгедектердің мамандандырылған ұйымдары - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға сай келсе: мүгедектердің орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса; бір жылда мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдар; 15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi; 16) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедектi оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат; 17) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді 17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктердi қанағаттандыруға арналған құралдар; 18) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету; 19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 19-1) сурдоаударма - қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе) ымдау тілі көмегімен аудару; 20) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар; 21) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар; 22) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар; 23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінара айрылуы; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 24) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - мүгедектерге және мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты: 1) мүгедектiктiң алдын алуға; 2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға; 3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.
5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты: 1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; 2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; 3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы; 4) мемлекеттік органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы; 5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртібін бекiтедi; 4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi 1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi; 1-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 3) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда 6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 6-1) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді; 7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекітеді; 8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін - жеке көмекші; 9-1) тармақшаның үшінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына алпыс сағатқа беру тәртібін бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады: 1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жәрдемақыларды және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау; 5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау; 6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) өз құзыретi шегiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргiзедi; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын айқындайды; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді және оны орындауды жүзеге асырады; 4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң білім алуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртібін әзiрлейдi; 3) мүгедектердi оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 10-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындарды құрады; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады; 3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады; 5) мүгедектердi оңалту жөніндегі мамандарды, оның iшiнде ымдау тілінiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) осы Заңға сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады; 7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi; 8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен бірлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады; 12) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу 3-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама14-бап. Мүгедектердiң құқықтары15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау16-бап. Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек17-бап. Мүгедектердi оңалту18-бап. Алып тасталды19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту22-бап. Мүгедектерге техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну25-бап. Мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету27-бап. Мүгедектердiң мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету29-бап. Мүгедектерге бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту31-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары32-1-бап. Санаторийлік-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерінің құнын өтеу32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы 4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДI ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетi34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектердi жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедекке келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi 5-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |